Дана Нұржігіттің Амангелді Сейтхановқа арнаған жазбасы көп жүрегін елжіретті
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, белгілі журналист Дана Нұрдігіттің марқұм әріптесі Амангелді Сейтхан туралы жазған жазбасы көп жүрегін елжіретті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба жариялады.
- Амангелді...
Досым-ау,сен де кеттің бе?! Өзекті өртеген өкініш, өксік пен ыза... Жасты да, кәріні де аямайтын мына індеттің жұтып-жұтып тоятын кезі келе ме өзі?! Айтыскерлігі,комментаторлық шеберлігі, әңгімешіл,көпшіл, ұлтжанды,бәйге,жарыс дегенде делебесі қозып, шегінуді білмеген ақ көңіл Амангелді досым-ай! Өзіңмен жүргізген тікелей эфирлер қандай еді! Желіп отырып жүргізетін едік қой! "Осының бәрін тізіп,бір күні кітап жазамын!" деген арманың арман боп қалды енді... Сен өте жақсы адам едің, Аманжан! Нәзөк - жарыңа, балаларыңа Алла сабыр берсін! Мен сені құрмет тұтып, жақсы көруші едім. "Данчо" деп мені сен ғана атаушы едің. Қош бол, досым! Ешкімге ұқсамайтын, өзіндік комменттаторлық мектеп қалыптастырып кеткен арда жан, шебер журналист, нағыз азамат - Амангелді Сейітхан. "Жеңісті күндерде жолыққанша! Амангелді Сейітхан - деп жазды ол.