«Мен мүсәпір болғым келмейді» - Дана Нұржігіт (видео)

Oinet.kz 15-04-2021 1965

Сенатор Дана Нұржігіт бұрынғы жолдасы Владимир Рерих туралы баяндады. Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.

Дана Нұржігіт.jpg

- Ол бір жағынан менің ұстазым. Журналистикадағы өте мықты ұстаз. «Хабар» арнасында жұмыс істеп жүргеніме 4 жыл болған кез. Ол кісіге қалай көңіл білдіремін. Ол кісі отбасылы. Сол кезде сөздерінен, маған деген ниеттерінен ұқтым. Бірақ, мен бірден айттым: мен көңілдес болуға жарамаймын. Мен ондай қарым-қатынастарда нюанс бар дегенді түсінбеймін. Ол мен үшін ақ иә қара болу керек. Сонда ғана ол кісінің басы босады. Содан кейін барып біз қосылдық - деп айтты Дана Нұржігіт.

Белгілі тележүргізуші отбасылық өмірден соң жолдасымен арақатынасы қалай бұзылғанын айтып берді. 

- Өйткені мен өзгердім. Ол өзгерді. Уақыт өзгерді. Біздің ортамыз өзгерді деп те айтуға болады. Мен көріп отырдым. Өйткені, ол кезде мен балалы болдым ғой. Арамыз сіз айтқандай жағдайға жеткен кезде, балалы әйелге олай айтуға дәті бармады деп ойлаймын. Өйткені, Әлім ол кезде тіпті кішкентай болатын. Сонда мен өзім, еркің өзіңде дедім. Мен мүсәпір болғым келмейді. Мен сұраушы болғым келмейді. Мен өз күнімді өзім көре аламын. Мен ешкімге қол жоюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан мен өте намысты адаммын. Қалауың басқа адам болса бара ғой, міне босаға. Табалдырықтан атта да өміріңнің келесі кезеңіне өте бер - деп айтқанын жеткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's

Шымкент «қызыл», ШҚО «сары» аймаққа өтті
Қалың қалай, бастауыш ұйым?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу