Қалың қалай, бастауыш ұйым?
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімдігінің «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұжым мүшелерінің қызмет көрсету жұмыстарымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Орталықта 271 адам жұмыс жасауда, оның ішінде: әкімшілік қызметкерлері – 11, дәрігерлер мен медбикелер – 33, білім және тәрбие беруші педагогтар – 47, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар – 3, палаталық санитарлар (бала күтушілер) – 78, шаруашылық жұмыс атқаратын (санитар тазалаушы, моншашы, кір жуушы, асхана, шаруашылық) қызметкерлері – 31, сондай-ақ күндізгі жартылай стационар қызметкерлері – 63.
Мекемені тәжірибелі педагог Камилла Мүсірқызы Ауанасова басқарады.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Баян Есентаева ұйымның жұмысын жақсы жолға қойып, орталық қызметкерлерін 100% кәсіподақ мүшелігіне кіргізген.
Оған мекеменің әкімшілігі тарапынан толық қолдау көрсетіліп отыр.
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ұжым мүшелері 230-ға жуық балаларды емдеуде, оңалтуда және білім мен тәрбиені қатар беруде, сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасауда ерекше еңбек етіп жатыр.
Жұмыскерлердің құқын қорғау мен оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында ұжымдық шарт жасалып, оның орындалуы жүзеге асырылып келеді.
Мекеменің жұмыс орындарында қызмет алушылар мен қызмет көрсетушілер үшін де өте қолайлы жағдайлар жасалып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Сондай-ақ, оларда еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелері талапқа сай жүргізілуде.
Мекемедегі дәрігерлерге және педагогтарға санат беруді қарау бойынша білім басқармасымен және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе шешетін өзекті мәселе құзырлы органдармен қаралуда.
Қорытынды жиында мекеме жұмыскерлерінің ішінен көп жылдан бері еңбек сіңіріп, белсенді қызмет етіп жүрген кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов филиалдың наградаларын: 2 адамға «Еңбек озаты» төс белгісін, 3 адамға «Құрмет грамотасын» және 3 адамға «Алғыс хатын» табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен: мекеме басшысы Камилла Мүсірқызы Ауанасова, медицина бөлімінің меңгерушісі Зульфия Асаханқызы Хаширбаева, «Құрмет грамотасымен»: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Рабиға Рахматуллақызы Оспанова, ас мәзір бикесі Райхан Пазылбекқызы Кенбаева, палаталық санитар (бала күтуші) Палзия Әмірбекқызы Дүйсебаева, «Алғыс хатпен»: әдіскер Жазира Сарыпбекқызы Төлегенова, палаталық санитар (бала күтуші) Фарида Әбдіхайымқызы Саниязова, палаталық санитар (бала күтуші) Шырайкүл Керімбайқызы Ешенова марапатталды.