«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» онлайн кездесу өтті

Oinet.kz 14-04-2021 792

Screenshot_2.jpg

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп жариялаған 2021 жыл шеңберінде «Қалың қалай, бастауыш ұйым» шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Осыған орай, Шымкент қаласындағы алғашқы онлайн кездесу қалалық «Жұқпалы иммундық тапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі» орталықта өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Екатерина Смышляева, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Шымкент қалалық филиалы төрағасы Ерқозы Батырбеков, қалалық «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы  күрес жөніндегі орталығының» бас дәрігері Талғарбек Мейірханов, кәсіподақ төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты. Кездесудің мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымының жеткен жетістіктері және жұмыстарымен кеңінен танысу, сондай-ақ ұйымда кездесетін өзекті мәселелерді талқылау болды. Кездесуді «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев жүргізіп, алғы сөзді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бекжановқа берді.

Берік Айдарбекұлы жалпы Парламенттің жұмысы халықтың әлеуметтік мәселесін, өмір сапасын жақсарту болып табылатынын, әрбір азамат өзінің еңбек ету құқығын пайдаланып, лайықты жалақы алуы керектігін жеткізді. Берік Бекжанов – «Nur Otan» партиясының Парламент мәжілісіндегі фракциясы мүшесі. Ал, партияның алдағы 5 жылдағы басты міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табыстарын қолдау және арттыру екенін баса айтты. Ол үшін көптеген шаралар қаралып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Парламенттің қолдауымен ашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, ішінара жұмыспен қамту cекілді жалдаудың жаңа формалары енгізілетінін және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылатынын айтты.Мамандықтар атласы жасалмақ. Оның басты мақсаты ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыс таңдай алатындай жағдай жасау. 2025 жылға қарай жұмыспен қамтылған мүгедектер саны 30% дейін өседі. Осылайша, Берік Айдарбекұлы әлеуметтік қызметкер мамандығының беделі барлық деңгейде көтеріледі деп қорытындылады.

Бұдан кейін қатысушыларды ақпараттандыру үшін қалалық «Жұқпалы иммундық тапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі» орталығы жайында бейнематериал көпшіліктің назарына ұсынылды. 

Сондай-ақ, сөз орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлпарида Абдрашоваға берілді. Гүлпарида Шойынбайқызының мәлімдеуінше, орталықтағы  қызметкерлер саны 121 адам, бала күту демалысында – 5,  кәсіподақ ұйымының мүшелерінің саны 112 адам, оның ішінде:  дәрігерлері – 23,  жоғары білімді мамандар – 8,  лаборант – 15, лаборатория мамандары – 11,  орта буынды қызметкерлері - 23, кіші буын қызметкерлері - 9, әкімшілікте – 23 адам. 

Гүлпарида Шойынбайқызы мерекелер қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан мәдени шаралар өткізілетінін мәлімдеді. Оның ішінде 8 наурыз, 22 наурыз, 12-мамыр медбикелер күні, 7-9 мамыр,  медицина қызметкерлері күні, 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Егемендік алған күні  және Жаңа жыл мерекесіне.

Бұдан басқа 8 медицина қызметкерлерінің зейнеткерлікке шығуына, 2 ауған соғыс ардагеріне, 1 Чернобыль ардагеріне,  юбилярларға және зейнеткерлікте отырған  қызметкерлерге сый сияпаттар беріледі.  Барлық іс-шараларды өткізуге кәсіподақ ұйымынан қаржы бөлінеді. Іс-шараларда мақтау қағаздары, сыйлықтар, конфеттер, гүлдер алынады. Бұдан басқа медициналық қызметкерлердің күніне орай өткізілген спартакиядаларға қатыса отырып бірінші орынға ие болды, Денсаулық Фестиваліне  ұжым белсене қатысады.

Кездесу барысында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың» бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Намазбайұлы 2021 жылы медицина қызметкерлерінің еңбекақы мөлшерін  көтеру бойынша ұсыныс-тілектерін жеткізді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева бұл мәселе Парламент мәжілісінде қаралып жатқанын және ол бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Кездесуде «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы  күрес жөніндегі орталығының» бас дәрігері Талғарбек Мейірханов қашанда еңбек адамының жанынан табылатын кәсіподақ өкілдеріне алғысын жеткізді.

Жиынды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешев қорытындылап, оң бағасын берді. Алдағы уақытта кездесуде көтерілген мәселелер бойынша шешу жолында жұмыстар атқарылатынын айтты.

Кездесу соңында ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне Алғыс хат және Құрмет грамотасы табысталды.

Қалың қалай, бастауыш ұйым?
«Вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды» – Денсаулық сақтау министрлігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу