Қабатовтың қызын оқытқан Нұрбек туралы ықтимал ақпарат жарияланды (видео)

Oinet.kz 17-08-2021 6155

Facebook желісінде журналист Гүлбану Әбенова шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қызын оқытқан репетитор туралы ықтимал ақпарат жариялады. Репетитордың есімі - Нұрбек Қанай. Елордада "140 плюс" білім беру орталығында жұмыс істейді.

Screenshot_3.jpg

- Бұл Нұрбек Қанай. Қабатов телефонмен сөйлесуі ықтимал деген жігіт. Қабатовтың қызының орнына кірген қыз, мүмкін оның қарындасы немесе жұбайы, фамилиясына сүйенсек, - деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, кеше Тұрсынбек Қабатов Instagram парақшасында "ҰБТ-ға өз қызының орнына басқа қызды кіргізді" деген дауға қатысты репетитор Нұрбекке телефон соққан видеосын жариялады. Видеода ол Нұрбектің іс-әрекетіне деген ренішін білдіреді.  

Дана Нұржігіттің Амангелді Сейтхановқа арнаған жазбасы көп жүрегін елжіретті
Оңтүстік Корея президенті қазақстандықтарға алғыс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу