«Алып-қашпа әңгімелерге негізделген» - Дана Нұржігіт (видео)

Oinet.kz 18-02-2021 933

Сенат депутаты Дана Нұржігіт халық пен билік арасындағы байланыстың дұрыс құрылмағандығын айтты. Бұл туралы белгілі тележүргізуші бүгінгі Сенат отырысында баяндады. 

Дана Нұржігіт.jpg

- Біз шын мәнінде халық үніне құлақ асатын мемлекет боламыз десек, мына жайтқа назар аударуыңыз қажет меніңше. Өңірлерге іс-сапар барысында байқағаным халық қабылданып жатқан заңдардан көп жағдайда бейхабар. Яғни Парламентте қабылданған заң өңірлерге жете бермейді. Көбісінің сұрағы алып-қашпа әңгімелерге негізделген. Сол себепті халыққа заңды ашық,, қарапайым тілде түсіндіре алу және оны барынша тарату мәселесін күшейту қажет. Міне осының салдарынан әлеуметтік желі қолданушылары, блогерлер, тәуелсіз сарапшылар заңды өз пайым-түсінігінің шеңберінде талдап-талқылап жатады. Ал, тиісті мемлекеттік органдардың түсіндірмесі кешігіп барып, қоғам талқылағаннан кейін ғана таратыла бастайды. Яғни, халық пен билік арасындағы медиакоммуникация проблемасы бар - деді Дана Нұржігіт. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

Грекияда боранның әсерінен 70 мың үй жарықсыз қалды
Жарқанат вирусты таратып алып, өзі неге ауырмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу