Грекияда боранның әсерінен 70 мың үй жарықсыз қалды

Oinet.kz 18-02-2021 943

Грекияда боран соғып, 70 мың үй жарықсыз қалды. Билік әзірге 40 мың ғимараттың электр желісін қайта жалғады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

4688adf778124a3b20c214a8c1729b71_L.jpg

Арнайы мамандар суыққа қарамастан қалпына келтіру жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатыр. Әсіресе ел астанасының солтүстік аудандары қатты зардап шекті. Ресми дерек бойынша Афинада 800-ден астам ағаш құлап түскен. Салдары электр тоғына ғана емес, сондай-ақ су құбырларына да зақым келтірген. Кейбір жерде  қардың қалыңдығы 1 метрден асып, үйлер мен көліктерді басып қалды. Құтқару қызметіне бір күннің ішінде 2 мыңнан астам тұрғын қоңырау шалып, шұғыл көмек сұраған. Мұндай қолайсыз ауарайы  билік өкілдерінің айтуы бойынша Грекияда соңғы 20 жылда болмаған құбылыс.


Сенат депутаттары уран туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
«Алып-қашпа әңгімелерге негізделген» - Дана Нұржігіт (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу