«Балаларды сағындық»: Қарттар үйіндегі әжейдің сөзі елді жылатты (видео)

Oinet.kz 17-06-2021 3448

Қарттар үйіне қайырымдылық жасауға барған жігіттер сонда тұрып жатқан үлкен кісілерді бір серпілтіп тастады. Желіде тараған видеода жігіттер қарттарға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Балаша қуанған қариялар қайырымды жандарға батасын беріп, алғысын жаудырды.

Screenshot_11.jpg

Tik-Tok-та Бота есімді желі қолданушысы әсерлі видео жария етті.

Онда қайырымды істермен айналысатын жастар қарттар үйіндегі қарияларға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Қариялардың бірі қал-жағдай сұрасқанда жігіттерге ауылға қайтқысы келетінін айтып қалған.

"Қайтқым келіп жатыр еді ауылға, балаларды сағындық", - дейді әжей.

Бұл сөз желі қолданушыларының көзіне жас үйірді.

"Жүрегім ауырып кетті ғой, баламды сағындым дегенде", "Көзіме жас келді ғой, неге ата-аналарын тастап кетеді екен қарттар үйіне", "Жаным апам, баласын сағыныпты", - деп жазды пікірге желі қолданушылары.

Есімдері белгісіз бір топ жігіт қарттарға сыйлыққа әкелген тәпішкесін өз қолдарымен кигізіп берді. Балаша қуанған қариялар жігіттерге алғысын жаудырды.

"Дәп-дәл, ой рақмет, балам", - дейді аяқ киімді киіп өлшеп көрген қариялардың бірі.

Қызым күйеуге шықпай, өзім үшін бала табам дейді
Арыстанбек Мұхамедиұлы Шыңғыс хан Ұлытауда жерленуі мүмкін екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу