Жандарбек Бұлғақов кейбір айтыскер ақындарды қатаң сынға алды

Oinet.kz 19-05-2021 1324

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов қазіргі айтыскерлерді сынға алды. Оның айтуынша, айтыскерлер тез танылып, асаба болып ақша тапқысы келеді. Және олар жоқ жерден проблема көтеріп елдің сүйіктісі болғысы келеді. Айтыскерлер популизмге бейім болып барады. Бұл туралы ол Нұрмахан Мұқанұлына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

- Қазіргі кей айтыскерлердің негізгі мақсаты, негізгі көздегені - асабалық. Айтысқа қоғамдық мәселені көтерейін деп емес, өзінің жан рахатына айтысу үшін емес, "тойдағы ставканы көтеріп алайын" деген оймен айтысады. Яғни "Қазақстан" ұлттық арнасынан түрім түспесін" деп эфирге шығуға тырысады. Жеңе ме, жеңіле ме, ол жағына бас қатырмайтын ақындар бар. Дастархан басында: "Өткенде ана эфирге шығып едік, содан бері құдалықты 250 мың теңгеге өткізіп жүрміз" деп мақтанып айтып отырады. Сананы тұрмыс билейтінін мойындаймын. Бірақ осы мақтанышты, осы ойды көпшілік жерде айтпай-ақ қойса, ішінде сақтаса болады ғой. Ақсүйек өнер - айтысты тамадалық үшін құрбан етіп жүруге болмайды ғой, - дейді Жандарбек Бұлғақов.

Қоғам белсендісі Шымкент қаласы мәслихатының депутатымен соттасуға дайын екенін айтты
Кәсібінің нәсібін көргендер: Түлкібаста кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу