Риддердегі алапат өрт сөндірілді

Oinet.kz 11-05-2021 728

Құтқарушылар Риддер маңындағы Лесхоз аулында болған алапат өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

өртт.jpg

Ведомство мәліметінше, өрт 11 мамырда таңертең сағат 7.00 шамасында сөндірілген.

- Лесхоз аулындағы өрт сөндірілгені хабарланды. Құтқарушылар Лихачев көшесіндегі 10 тұрғынды эвакуациялады. Орман аумағында өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта өртеніп жатқан орманның аумағы - 310 гектар. Қосымша көмек ретінде Нұр-Сұлтан мен Павлодардан "Авиациялық орман күзетінің" екі тікұшағы жіберілді. 17 500 текше метр су құйылды, - деді ТЖД өкілдері.

ТЖМ хабарына қарағанда, ормандағы өртті сөндіруге қатты жел кедергі болып жатыр. Оның екпіні секундына 20 метр жылдамдыққа жетеді. Алдын ала нұсқа бойынша, мамандар әдейі өрт қою және отқа ұқыпсыз қарау нұсқаларын қарап жатыр.

Риддердегі өрт.jpg

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге 136 құтқарушы, 161 жергілікті орманшы, әкімдіктің пен басқа да ведомстволардың 29 өкілі қатысып жатқанын атап өтті. Екі тікұшақ пен 60-қа жуық техника қолданылып жатыр, олар - су тасымалдаушылар, бульдозерлер, УАЗ және грейдерлер.

Сондай-ақ, 120 полицей мен 8 патрульдік экипаж өрт орнын қоршап тастаған. Олар біреу-міреу тонап кетпеуі үшін бос қалған үйлерде кезекшілік етеді.

от.jpg

Бір тәулікте 1766 адамнан коронавирус анықталды
Бүгін академик Әлкей Марғұланның туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу