Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Джо Байденнің тұсында АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қатысты саясаты өзгермейді. Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы қоқан-лоқы саясат керісінше, өршиі түсуі мүмкін.
Өткен аптада Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің Солтүстік Кореяға қатысты саясатына түсінік берді. Оның айтуынша, АҚШ әкімшілігі Корей түбегінің толығымен денуклеаризацияланғанын, яғни ядролық қарусызданғанын қалайды. Алайда АҚШ барлау орындары Солтүстік Кореяның ядролық сынықтарды жалғастыратынын мәлім еткен.
Бұл мәлімдемелерді Солтүстік Корея жағы жауапсыз қалдырған жоқ.
- АҚШ осы мәлімдемелері арқылы Солтүстік Коряға қарсы дұшпандық саясатын ұстанатынын көрсетті. АҚШ жарты ғасыр бойы жүргізіп келе жатқан саясатын ары қарай жалғастыра беретінін байқатты,-деді Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілдері.
Қысқасы, АҚШ-та президенттер өзгергенімен, саясат өзгермейді.