Халықаралық мейірбикелер күні аталып өтті

Oinet.kz 06-05-2021 882

"Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында "12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні" мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков, қалалық ауруханалар мен емханаларда еңбек етіп жүрген бір топ медицина қызметкерлері қатысты.

Screenshot_1.jpg

Салтанатты жиынды "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев ашып беріп, еліміздегі кәсіби мерекелердің елеулісінің бірі – Халықаралық мейірбикелер күні екенін атап өтті.

Бауыржан Ілімшеұлы мейірбикенің ең басты жұмысы – адам денсаулығымен өмірін сақтап қалу екенін жеткізді. 

«Дәрігерлік саланың қай-қайсы  болсын медбикелерсіз жұмыс істей алмайды. Медицина саласының басты тетігі десек те болады. Медициналық көмекке жүгінудің алғашқы әрекеті, регистратурада тіркелуден бастап, ең қиын ота жасау кезінде, одан кейінгі дәрігер белгілеген барлық емді уақытында, сапалы түрде жасау ол сіздердің адал еңбектеріңіз. Әлемде орын алған пандемия кезінде  жанкешті, өзге адам өмірі үшін өз өмірін тігіп  еңбек еткен сіздерсіздер. Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс. Бас иеміз сіздердің алдарыңызда», – деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Жиын барысында медицина қызметкерлеріне «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан төсбелгілер және "Құрмет грамотасы" мен "Алғыс хаттар", бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, 12 мамыр – медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853-1856) тұңғыш болып мейірбикелер қызметін ұйымдастырған. Сондықтан Халықаралық Мейірбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық мейірбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланып келеді. Әлемнің 141 елінен мейірбикелер жиналып «Халықаралық Медбикелер Кеңесі» деп аталатын қоғамдық ұйым құрғаннан кейін 12 мамыр – Дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болды. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің елімізде де 12 мамыр - мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелді. 

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

Президенттер өзгергенімен саясат өзгермейді
Шымкентте «GastroMed» гастроэнтерология және диетология орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу