Шымкентте «GastroMed» гастроэнтерология және диетология орталығы ашылды

Oinet.kz 07-05-2021 1552

Screenshot_2.jpg

Бүгін Шымкент қаласында «GastroMed» гастроэнтерология және диетология орталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Рәсімге Шымкент қаласы, Түркістан облысы және Алматы қаласынан қонақтар арнайы келіп қатысты. Бәс дәрігер Ләззат Сыздықова қонақтарға медициналық орталықты таныстырды. «Gastromed» - осы сала бойынша Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы тұңғыш жоғары деңгейлі мамандандырылған орталық. Мұнда білікті кәсіби мамандар командасы жұмыс істейді. 

Screenshot_16.jpg

Ләззат Сыздықова

– Медициналық орталық асқазан-ішек жолдары, эндрокиндік жүйе ауруларын амбулаториялық дәрежеде емдейді. Тік ішек мәселесімен келген науқастарға кішігірім оталар жасалады. Олар экспертті деңгейдегі қондырғаларда медициналық тексеруден өтіп, жоғары білікті дәрігерлерден консультация ала алады. Сонымен қатар біздің орталықта науқасқа зертханалық талдаудың барлық түрі жүргізіледі, - дейді бас дәрігер Ләззат Ишанбекқызы. Оның айтуынша, мұнда гастроэнтерелог дәрігерлерден бөлек, диетолог, проктологтар да науқастарға қызмет көрсетуге дайын. Әр дәрігердің кабинеті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен, заманауи эндоскопиялық аппараттармен жабдықталған. Нәтижесінде науқастар орталықтан кешенді сапалы ем қабылдай алады. 

Screenshot_19.jpg

Screenshot_18.jpg

 Осында Арыстан Кәдірбек есімді қала тұрғыны барлық органдарын ультрадыбыстық зерттеуден (УЗИ - автор) өткізді. Дәрігерлер оның ауру себептерін анықтап, ақыл-кеңестерін берді. 

– Соңғы кездері ас қорыту жүйем бұзылып жүр еді. Бүгін УЗИ аппараты арқылы ішкі органдарымды тексертіп көрдім. Дәрігерлер тамақтану режимімді дұрыстау керектігін, таңғы және кешкі асқа не ішуге болмайтынын және не себептіекенін жан-жақты түсіндірді. Ауру асқына қоймаған кезде көрінгенім абзал болды. Енді дәрігер нұсқаулығы бойынша денсаулығымды күтіп, тиісті ем-дом шараларын қабылдаймын, - деді Арыстан Кәдірбек. УЗИ нәтижесімен танысқан ол тез дайындалатын тағамдарды, газды сусындарды тұтынбау керектігін түсінгенін айтты. Шөлді басады деген энергетикалық сусындар, чизбургер, гамбургер секілді майлы тағамдар ең бірінші кезекте бауыр мен асқазанға зақым келтіретінін айтып, қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға шақырды. 

Screenshot_9.jpg

3.jpg

С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің гастроэнтерология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Нерсесов жаңа медициналық орталықтың жұмысына оң баға берді. Оның айтуынша, «GasrtoMed»-тің кәсіби деңгейі өте жоғары. 

- Бұл орталықтың ең басты артықшылығы – білікті мамандарында деп білемін. Мұнда Түркістан облысы, Шымкент қаласының ең үздік гастроэнтеролог мамандары жиналған. Ал кез-келген мекеменің жүрегі – білікті мамандар ғой. «GastroMed» осындай білікті мамандарымен науқастарға өте сапалы ем-дом шараларын жүргізіп, сенім үдесінен шыға біледі деген ойдамын, - деді профессор. Ол осы орталық мамандарымен тығыз байланыста болатынын айтып, сәттілік тіледі. 

Айта кетейік, «GastroMed» орталығы 2019 жылы қаладағы «Восток» шағынауданында ашылған еді. Жұмыс көлемі мен қызмет түрінің көбеюіне, келуші науқастар санының артуына байланысты медициналық орталық Колхозная көшесіндегі 3 қабатты кең, жарық ғимаратқа көшті. Мұнда келушілерге барлық жағдай жасалған. Олар дәрігер қабылдауына күтіп уақыт жоғалтпас үшін телефон арқылы алдын-ала жазыла алады. 

Халықаралық мейірбикелер күні аталып өтті
Тоқаев Үндістанға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу