«Вакцинация ораза ұстауға қарсы емес» - министр

Oinet.kz 13-04-2021 918

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтап, вакцинацияның оразаны бұзбайтынын жеткізді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

Бас мүфти мен Цой.jpg

- Құрметті достар, сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! 

Отбасыларыңызға денсаулық, береке және келісім тілеймін. Жүректеріңіз нұрға, мейірімділікке, жақсылыққа үмітпен қарауға толсын, ал игі ойларыңыз бен істеріңіз мың есе өтелсін. Алдағы мұсылман ораза күндері рухани тазаруға, сенім мен өмірдің шынайы құндылықтарын түсінуге арналған. Бірақ денсаулықтарыңызды ұмытпай, дәрігерлердің ұсыныстарын орындаңыз. Әсіресе созылмалы аурулары бар, иммунитеті әлсіз, қарт адамдарға кез-келген асқынулардың алдын алу үшін абай болу керек. Денсаулығының нашарлауына қатысты кішкене шағымдар болған кезде, оразаны тоқтатып, медициналық көмекке жүгінген жөн. Денені қатты сусыздануға ұшыратпау және теңгерімді диетаны ұстануға тырысу маңызды.  Вакцинация ораза ұстауға қарсы емес және оны бұзбайды.

Екінші жылы бүкіл әлемдегі мұсылмандар қасиетті айды пандемия жағдайында өткізеді. Бірлескен Жұма намаздары алынып тасталды, ауызашар өткізуге шектеу қойылды. Біз осы сынақтардан түсіністікпен және шыдамдылықпен өтетінімізге және туыстарымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті ережелерді ұстанатынымызға сенімдімін.

Ниеттеріңіз қабыл болсын! - деп жазды Алексей Цой. 

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 2016 жағдайы тіркелді
Шымкентте 5 жасар қызды автобус басып кетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу