Әлия Назарбаева да Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне араласуда

Oinet.kz 06-04-2021 1382

Әлия Назарбаева "Жасыл ел" жастардың еңбек жасақтары Кеңесінің төрағасы атанды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Әлия Назарбаева.jpg

Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрағасы Әлия Назарбаева енді "Жасыл ел" жастардың еңбек жасақтары Кеңесінің төрағасы атанды.

Айта кетсек, бұл Кеңестің құрамында мынадай адамдар жүр:

Айгүл Соловьева – Кеңес төрағасының орынбасары, "Экологиялық ұйымдар қауымдастығының" басқарма төрағасы;

Тоқтар Болысов – Кеңес төрағасының орынбасары, "Қазақстан жастары Конгресінің" атқарушы директоры;

Азамат Данияр – Кеңес хатшысы, "Жасыл ел" республикалық штабының жетекшісі;

Нұртөре Жүсіп – Сенат депутаты;

Елдос Абаканов – Мәжіліс депутаты;

Айжан Скакова – Мәжіліс депутаты;

Тілектес Адамбеков – Мәжіліс депутаты;

Мади Ахметов – Мәжіліс депутаты;

Майя Бекбаева – журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары;

Эмин Аскеров – кәсіпкер, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің кеңесішісі;

Тимур Елеусізов – "Табиғат" экологиялық одағы төрағасының орынбасары;

Болат Бұқарбай – блогер, "Jaqsy Bolady" YouTube каналының авторы.

Түркістан облысында тұңғыш рет әйел адам әкім болды
Жандарбек Бекшин карантин шараларының нәтиже бермегенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу