Министр Silkway Халықаралық университетінде

Oinet.kz 06-03-2021 663

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәттібаев Айбек Берікұлы, қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Маратұлы Әбдіраханов Silkway Халықаралық университетінің  базасында орналасқан "SmartHub"тың және Шымкент қаласы IT компанияларының  жобаларымен танысты.

image.png

SmartHUBтың негізгі мақсаты  Цифрлық технологияларды пайдалана отырып қызметкерлерге, білім алушыларға қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ барлық салада цифрлық технологияның енуін қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.

Бүгінгі таңда SmartHUB та 10 маман жұмыс атқарады. Cонымен қатар коворкинг орталық,  семинар залы, STEM аймағы, бейне-фото студия, демалыс аймағы, бизнес-инкубатор, жұмыс орындары бар.  30 компьютер, 1 робот Промобот-4,  3 дана 3D принтер, сенсорлы тақта және қосымша техникаларамен жабдықталған.

image.png

Бүгінгі таңда SmartHUB та келесі жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- Ақылды жаяу жүргіншілер жолағы (Nur-Com-Tel мекемесімен бірге)

- Anticovid жобасы

- Робот құрастыру

- 3D модельдеу

- Price Control

- Ақылды күнбағыс

- Бет-әлпетті тану (видеораспознования)

- Цифрлы Шымкент порталы

- Ұсыныстар базасы (Шымкент қаласын көркейтуге бағытталған ұсыныстар базасы)

- Ақылды есептегіш Электронды счетчик(заттар интернеті бойынша)

Сонымен бірге оқу курстары жүргізіледі:

- Робототехника

- Бағдарламалау 

- 3D модельдеу 

- Анимация жасау 

- Бизнес-тренингтер 

Оңтүстік  жоғары оқу орындары арасында алғаш рет Робот-қызметкер Promobot V.4 сатып алынды. 

Ақылды робот университет туралы ақпаратттар беріп,білім алушыларға қызметкердің қатысуынсыз қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ, SmartHUB  Astana HUB халықаралық IT технопаркінің Шымкент қаласындағы Аймақтық ресми өңірлік өкілі  болып табылады.  2020 жылғы 12 қараша мен 24 желтоқсан аралығында  алғаш рет «Accelerator 2020 бағдарламасы» жүргізілді. Бағдарламаның 1 ағымына 39 стартап-жоба қабылданды, 15 стартап-жоба  толық бағдарламадан бітіріп шықты. Бағдарламаға 18 сарапшы/трекер қатысты. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Astana HUB халықаралық IT технопаркі қаржыландырды.

image.png

Осының барлығы еліміздің дамуына үлес қосатын білімді,  сапалы мамандарды даярлау мақсатында жасалып отыр.

Бағдат Батырбекұлы барлық жобалармен мұқият танысып,  «Ақылды жаяу жүргіншілер жолағы», «Anticovid жобасы»,  «Price Control», «Ақылды күнбағыс», «Ақылды есептегіш» т.б. жобаларды жоғары бағалап, ииновациялық жобаларды қаржыландыру конкурстарына және авторлық куәліктер алып, мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуды ұсынды.

Сонымен бірге Anticovid жобасын «СКУД» жүйесімен байланыстырса үлкен жұмыс болатынын атап өтті.

Ағасы "намыссыз" қарындасын адамдардың көз алдында өлтірді
Шымкент: Наурызда жаппай мерекелік серуен болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу