Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы қызметінен кетті

Oinet.kz 26-02-2021 1202

Бүгін Еркеғали Әлімқұлов Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады.

Еркеғали.jpg

- Құрметті достар!

Өзімнің туған жерім Оңтүстік өңірінде 4  жылға жуық атқарған жұмысым аяқталды. 

Әрине бұл менің мемлекеттік қызметтегі 18  жыл уақытымның ішінде мүмкін көп емес шығар, бірақ өз туған өңіріңде қызмет ету ерекше бақыт. 

Осы өңірде 5 әкімнің (Атамқұлов, Түймебаев, Әбдірахымов, Айтаханов, Әйтенов) аппаратында қызмет етіп, өңірдің дамуына өз үлесімді қосқаныма "Аллаға" шексіз ризамын.

Барлықтарыңызға амандық, саулық тілеймін. Шымкент, Түркістан өңірлері қарқындап дамып, халықтың әл-ауқаты өсе берсін. Сүйікті Отанымыздың әр өңірі дами берсін деп тілеймін. 

Амандықта жолығайық достар - деп жазды Еркеғали Әлімқұлов. 

«Қандай бейшаралық?» - Балғынбек Имашев
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу