«Қандай бейшаралық?» - Балғынбек Имашев

Oinet.kz 26-02-2021 2131

Белгілі айтыскер Балғынбек Имашев жер мәселесіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Балғынбек айтыскер.jpg

- Әссәләму ғәләйкум уә рахматуллаһи уә бәрәкәтүһ.

Жұма берекелі болсын, жақсыларым.

"Жер шетелдіктерге сатылмайтын және жалға берілмейтін болды" деп бөркімізді аспанға атып қуану қандай бейшаралық?

Жер деген Мемлекет болудың алғы шарты емес пе? Ұлтсыз Мемлекет құруға болады. Бірақ, жерсіз Мемлекет болмайды!

Жерді сату - Отанды сату! Біз кешелі бері "Президент Отанды сатпайтын болды" деп қуанып жүрміз.

Қасымжомарт Кемелұлына рақмет! Даулы мәселенің нүктесін қоюға пәрмен берді. Енді Парламенті бар, басқа да құзырлы органдар осы мәселені күлбілтелемей, кібіртіктемей шегелеп тастаса жарар еді.

Бірақ, ең басты мәселе:

Жер қазақстандықтарға да сатылмасын!!!

Бүгін жемқорлықпен, парақорлықпен болсын, адал кәсіппен болсын (бұл мүмкін бе біздің елде?) дүние жиып үлгерген бай-бағландар, қалаған жерін меншіктеп алып, ертең келетін ұрпақ үй салып, мал бағатын, егін егетін жер түгіл өлігін көметін көр таба алмай, үнділер құсап мәйіттерімізді өртеп жүрмейік.

Екіншіден, қазақ қызына үйленіп, я болмаса, басқа да себептермен Қазақстан азаматтығын алған "келімсектерге" де жер сатылып, жалға берілмесін! Мемлекетті құраушы кім болса, жер де соныкі. Ұлан байтақ жерді қанымен қорғап, ұрпағына мұра қалдырған бабаларымыздың аманатына қиянат жасауға болмайды.

Әрине, бұл шешімге қуанбайды емес, қуанамын! Қуана отырып ұяттан қызарамын, ызадан қуарамын.

Өз мемлекетіңде отырып өз жеріңе, өз тіліңе, өз дініңе, өз жанұяңа, өз денсаулығыңа қастандық жасалмағанына мәз болып қуану - қандай қасірет?! - деп жазды Балғынбек Имашев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Талғат ЕСЕНАЛИЕВ: Әрбір бүлдіршін өз кейіпкерін іздейді
Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу