Тоқаев Нұртілеу Иманғалиұлының қазасына байланысты көңіл айтты

Oinet.kz 17-02-2021 744

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісінде жазды. 

тОКАЕВ.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

- Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – деп жазылған жеделхатта. 

АҚШ-та қалың қардың әсерінен миллиондаған тұрғын жылусыз қалды
«Биліктің әрекетсіздігі» - белгілі кәсіпкер бір шындықтың бетін ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу