АҚШ-та қалың қардың әсерінен миллиондаған тұрғын жылусыз қалды

Oinet.kz 17-02-2021 875

АҚШ-тың  орталық және оңтүстік штаттарындақазір жағдай мәз емес. Ауа райының күрт өзгеріп, қалың қардың түсуінен миллиондаған тұрғын жылусыз қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

b356cccc9aa4736970cf310f3a342d46_L.jpg

Ауа райының қолайсыздығынан автокөлік жолдары жабылып, бірнеше әуежай уақытша жұмысын тоқтатты. Ал жылусыз, жарықсыз қалған халықтың наразылығы күшейіп барады. Мұдай қолайсыздық жақында ғана Техаста тіркелген, өйткені штаттың жылу мен жарық беру жүйесі суыққа дайын емес болып шықты. 

Техас штатында жауған қалың қардың салдарынан миллиондаған тұрғындар жарық пен жылусыз қалды. Үлкен қалалардағы автомагистральдер жабылып, төтенше жағдай жарияланды. Штат аумағындағы кейбір жерлерде ауа температурасы минус 25-30 градусқа дейін түсіп, қардың қалыңдығы 50-60 см-ге дейін жеткен. Бір ғана Даллас қаласындағы аяз соңғы 72 жылда байқалмаған. АҚШ-тың оңтүстік бөлігінде орналасқан Техас штаты үшін бұл тың құбылыс, - дейді синоптиктер.


Джефф Безос әлемдегі ең бай адам атағын алды
Тоқаев Нұртілеу Иманғалиұлының қазасына байланысты көңіл айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу