Джефф Безос әлемдегі ең бай адам атағын алды

Oinet.kz 17-02-2021 697

Мультимиллионер және Amazon компаниясының иесі Джефф Безос Tesla мен SpaceX компаниясының басшысы Илон Маскты басып озып, әлемдегі ең бай адам атағын қайтарып алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

4b1a6052c5256eefe6655130243a092d_L.jpg

Джефф Безос соңғы аптада 372 млн долларынан айырылғанына қарамастан, 191 млрд доллар байлығымен ең бай адамдар рейтингінде бірінші орынға шықты. Ал Илон Маск  4,5 млрд долларынан айырылып, оның активтері 190 млрд долларды құрады. Рейтингтегі үшінші орында 137 миллиард долларымен  Билл Гейтс тұр. Джефф Безос әлемдегі ең бай адамдар тізімінде үш жыл қатарынан көшбасшы болған, бірақ  2020 жылдың басында Tesla капитализациясының күрт өсуіне байланысты Илон Маск оны басып озған болатын.


Мұхтар Жәкішев қамауға алынған күнін еске алды (видео)
АҚШ-та қалың қардың әсерінен миллиондаған тұрғын жылусыз қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу