Мұхтар Жәкішев қамауға алынған күнін еске алды (видео)
«Қазатомпром» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев өзін не үшін айыптап, қамауға алғанын түсінбегенін айтады. Осы орайда ол компания басшылығынан кеткен соң, араға 60 минут салып қамауға алынғанын күнін еске алды. Бұл туралы ол кәсіпкер Арманжан Байтасовтың «Baitassov live» бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты.
— Шын мәнінде, өзімнің кей жерлерде ыңғайсыз болғанымды түсіндім. Содан олар «Компания тұрақталды, алып тастай салайық» деп ойласа керек. Осындай ой болды. Мен мұңайған жоқпын, керісінше қолым босағандай болды. Бірден шетелдіктерге хабарласқаным есімде, олардың тарапынан ұсыныс көп болған еді: директорлар кеңесі, т.б. Шақырмаған жер жоқ. Қоңырау шалып, өзімнің бос екенімді айттым. Ол жақ керемет жанданғандай сезілді.
— Сонда небәрі 60 минуттай ғана бостандықта болған болып тұрсыз ғой.
— Шамамен, иә. Сағат төрттер шамасын ҚР ҰҚК-ның екі қызметкері келді. Олар бірқатар сұрағының бар екенін айтып, бірге жүруімді өтінді. Сол кезде бәрін түсінгендей болдым. Бостандығым ұзаққа бармады. Бір сағаттай ғана. Мен «жарайды, барайық» дедім. «Ұстап, қамауға алғылары келеді» деген ой келді. Қызығушылық болды. Иә. Маған қандай кінә артпақ екені қызық болды. Осы нәрсе қызық болды. (…). Маған сол ақылға симайтын сұрақтарды қоя бастады. Бақытыма орай, оны көрмедім де, естімедім де. Маған сол сұрақтарды қоя бастаған кезде, бірден «Кешіріңіздер. 2007 жылы осы сұрақтардың барлығы қойылды, айыптаулар айтылды. Оның үстіне олар депутат сауалында болған еді. Сол депутаттық сауалға 7 айлық тексерістен кейін жауап берілді. Бас прокуратура, премьер-министрдің қолы болды. Сіз маған қойып жатқан сұрақтарға жауап берілді. Жауапта мұның барлығы расталмағаны және т.б. туралы жазылған. Премьер-министрдің қолы қойылған жауап барлық депутатта бар. Сіздер сол хатты қайтардыңыздар ма? Егер қайтарған болсаңыздар, онда әңгіме басқаша. Ал сол премьер-министрдің қолы қойылған хатты қайтармаған болсаңыздар, онда мені қалайша кінәлап отырсыздар? Мұндай құзіреттіліктеріңіз жоқ. Премьер-министрдің қолы қойылған құжат үкіметтің қаулысымен тең дәрежеде тұрады. Оны қайтаруға құзіреттіліктеріңіз жоқ, өздеріңізді жоғары қоя алмайсыздар. Маған осы сұрақтарды қойып, айыптамас бұрын, премьер-министрдің қолы қойылған сол хатты қайтаруларыңыз керек. Сол себепті сіздерде осымен біткен болса, мен барып демалғым келеді. Өйткені сізбен сөйлесуден шаршадым» дедім. Олар «Сізге қамауға алу туралы санкция хатын көрсеткіміз келеді» деді. «Жарайды» деп ем, «Неге реакцияңыз мұндай?» деп сұрады. «Сонда қандай болуы керек?» дедім. «Абыржып, уайымдауыңыз керек қой» дейді. «Түсінесіз бе? Сізбен сөйлесіп отырғанша, камерада жатқаным артық. Сол үшін мені камераға шығарып салыңыздар, мен барып ұйықтайын» дедім. (Күлді.) Осыдан кейін мені камераға алып барды, мені қамауға алу содан басталды - дейді Мұхтар Жәкішев.