«Мойныңды бұрап, жұлып аламын» - белгілі айтыскер Амантай қажы туралы (видео)
Белгілі айтыскер-ақын Айбек Қалиев айтыста сынағаны үшін Амантай қажыдан сын естігенін айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбаты барысында баяндады.
- Баяғыда мойныңды бұрап, жұлып алам деп телефон шалған да кісілер болған. Айтыста сынағаным үшін. Амантай қажы. Тікелей эфирден жекпе-жек айтыс болды. Қажылық туралы айтып жатырмыз. Қазір екінің бірі ақшасы болса қажылыққа барып келетін болды деген әңгімені айтып Амантай ағамыздікі сияқтылар, қажылықтың қадірін кетіріп жүр деген болатынбыз. Сөйтсем, ол кісі маған қолдап дауыс беріп отырған ғой. Жаңағыдай сөз айтып қалған соң менің телефонымды тауып алып, маған телефон шалып сөйтіп айтты. Мен саған дауыс беріп қолдап отсам. Сенің айтып отырғаның не сөз. Мойныңды жұлып аламын деді. Бірақ, енді жұлып алған жоқ Мойнымыз аман - деді Айбек Қалиев.