Белгілі айтыскер Қазақстанның Солтүстік бөлігіне төніп тұрған қауіп туралы айтты
Белгілі айтыскер Айбек Қалиев Солтүстік Қазақстаннан айырылып қалу қаупі төніп тұрғандығын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбат барысында айтты.
- Өте жаман қабылдадым. Соның нәтижесін енді көріп жатырмыз ғой. Федоров, Никонов сияқтылардың оттап отырғаны осы сөзге сүйеніп айтып отыр ғой. Путин де сол сөзге сүйеніп. Өйткені, біздің Нұрекеңнің маңайындағылар сізге дейін мемлекет болмаған. Қазақстанның басын қосқан сіз ғана. Абылайдың өзі үш жүздің басын қос алмады деген әңгімелер айтылып жүр ғой осының кесірінен өткенде көрдік. Мен қазір қатты қорқамын. Әсіресе, мынау Петропавлға барған сайын кәдімгі жүрегің ауырады. Құдай бетін аулақ қылсын. 37-ақ пайыз ол жерде біздің қаракөздеріміз. Егер ертең саясат сырт айналатын болса Қырымның жағдайын қайталамай ма деген күдік басым. Ертең әлемдік Референдум өткізсе 37 пайыз дауыс не нәрсеге жетеді. Ал, енді Петропавловск Ресей үшін стратегиялық обьект. Өйткені, себебі әлі күнге шейін вокзалы Ресейдің қарамағында. Содан кейін, Қиыр Шығысқа шығатын жол сол жермен өтеді ғой. Сол себепті, Петропавловскіге өте сақ болуымыз керек. Қазіргі жүргізіп жатқан Серпін деген бағдарлама бар ғой, соны қолдауымыз керек. Шымкентке барған кезде жігіттерге айтып жүрген әңгімем өсіп өнген ел ғой біздің Оңтүстік. Әр үйде төрт-бес ұлдан бар. Солардан біреуін еншісін беріп сол жаққа жіберсеңдерші деп. Жаңағылардың айтып жүрген әңгімесі осы. Түптің түбінде. Солтүстігімізден айырылып қалуымыз мүмкін. Бірақ Құдай бетін аулақ қылсын. Бірақ, қауіп бар - дейді Айбек Қалиев.