Депутат Мәжілістегі жалақы туралы айтты

Oinet.kz 29-01-2021 1022

Депутат Айдос Сарым Мәжілістегі жалақы туралы айтты. Оның айтуынша, мәжілісмендер 500-ден 800 мың теңгеге дейін айлық алады, деп хабарлайды Oinet.kz  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Айдос Сарым.jpg

- Мен әлі білмеймін, алған жоқпын. Шынымды айтсам, тұрмыстық мәселелерге жоқпын. Бүгін тұрмыстық мәселелер бойынша отырыс болады. Жалақы қызықтырады, әрине. Бірақ әлі уақыт болған жоқ. Менің әкем ауырып қалды, Алматыда ұзақ уақыт болдым, сондықтан тұрмыстық мәселелермен айналысуға уақыт болмады, үлгермедім. Шамамен қанша болатыны айтылды. Менің ойымша, 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Бұл еңбек өтіліне, ғылыми дәрежесіне байланысты. Шамамен солай, ол үшін профессор болу керек (шамамен 800 мың теңге алу үшін. - ескерту). Мемлекеттік қызметте 30 жыл жұмыс істеу, генерал болу, атаққа ие болу және тағы басқа. Менде мұндай болмағандықтан маған қатысы жоқ, - деді Айдос Сарым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі алқа отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» көрмесі ашылды
Түркістан сарайының сырты бүтін, ал іші қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу