Құралай Нұрқаділова әкесі мен анасының суретін жариялады (фото, видео)
Белгілі саясаткер, қоғам қайраткері марқұм Заманбек Нұрқаділовтың қызы Құралай Нұрқаділова әкесі мен анасының суреті жариялады. Бұл фотоны ол Instagram желісіндегі парақшасында жүктеді.
- Суреттерді ақтарып отырып тауып алдым - дейді Құралай Нұрқаділова.
Қазақтың арыстай азаматының жарымен бірге түскен суретін көрген көпшілік жақсы, жылы тілектерін толассыз жазуда.
- "Бір туар азамат еді әкеңіз алдынан жарылқасын", "Заманбек ағаның ең құрметті ханшайымы. Топырағы торқа болсын ағаның. Нағыз қазаққа жанашыр адам еді", "Анаңыз өте ақылды жан. Еш жерде жанұясы туралы жаман айтқанын естімедім. Қандай сабырлы, парасатты адам. Ғұмыры ұзақ. Балаларының қуанышына бөлене берсін", "Керемет көзқарас. Көздерімен түсінісіп тұр", "Әкеңіз нағыз қазақ елінің батыры! Елінің жанашыры еді! Алла алдынан жарылқасын ! Жаннаттан болсын орны! Өздеріңе бақыт тілеймін, Сіз де қазақтың тамаша қыздарының бірісіз", - дейді желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram