Амалы таусылған полицей қызметкері жолаушыны қарғады (видео)
Журналист Диас Нұрақын Facebookпарақшасында жолаушыны қарғаған полицей қызметкері туралы видео жүктеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Видеода жолаушы мен полицей әлденеге келісе алмай дауласады. Видео соңында даудан шаршаған полицей:
"Ақжол, жортқанда жолың болсын, бауырым" дей келіп, "қарғыс атсын" деп сөзін жалғайды.
Осы видеоға қатысты:
"Қарғысы қатты депутаттан полицейлер де үлгілі ала бастапты. Қарғысқа қарсы қорғаныс, қарғысты жолатпау деген тренинг ашу керек сияқты. Сұмдық өтімді болар еді", - деп жазды автор.