Елімізде пневмониямен ауырғандар саны артты
Елімізде тағы 130 адамнан пневмония анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
- 25 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 130 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. 128 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар саны 47 575-ке жетті, 559 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 35 348-ге жетті.