Мейрамбек Беспаев пен Мақпал Жүнісованың жас күндегі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 22-01-2021 1766

Қазақ эстрадасының падишалары Мейрамбек Беспаев пен Мақпал Жүнісованың жас күндеріндегі суреті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл фото Мейрамбектің Instagram парақшасында салынды. Әнші бұл фотоны 11 қаңтар күні Мақпал ханымның туған күнінде жариялаған.

Мақпал Жүнісова мен Мейрамбек Беспаев.jpg

- Бүгін, қазақ ән өнерінің падишасы Мақпал әпкемнің туған күні. Қадірлі әпке, мерейлі мерекеңіз құтты болсын. Сіз жүрген, отырған орта нағыз мереке. Жарқылдап күлгеніңіздің өзі, адамның жанына қуат, көңіліне шуақ сыйлайды. Тау суындай мөлдір шығармашылығыңыз жаңалықтар мен биік белестерге толы жыл болғай. Ғұмырыңыз ұзақ болсын! - деген Мейрамбек Беспаев.

Қос әншінің жалынды жас күніндегі суретін көрген көпшілік, жылы лебіздерін білдіруде.

-  "Мейрамбек аға ауылға 2007 жылы келген содан бері көрмеппін. Қызыққой адамдармен тығылысып 500 тг билет сатып алғаным есімде. Келесі күні класстағы қыздарға мақтанып айтып айтып едім", "Жаны жайсаң, ақ жаркын, аңқылдаган ак көңіл адам ғой, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, сахнанын гүлі ғой", "Казактын индиянкасы Мақпал апай мен Медхун Мейрамбек", "Құлақты берген екен аямай Меке. Алматыда тұрып Қапшағадай ысқырған адамды естейтіндей екен... Денсаулық берсін Аллам сізге ауырмаңыз!!!" - дейді желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Қазақстандық Әлия Назарбаевадан қарызға ақша сұраған (фото)
«Қазақтың соңғы ханы Назарбаев» - жастар ұятқа қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу