Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды
Танымал журналист, медиаменеджер Мәди Манатбек "Астана" радиосының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz qazradio.fm порталына сілтеме жасап.
"Астана" радиосы ұжымына жаңа директорды "Қазақ радиолары" ЖШС бас директоры Ернұр Бурахан таныстырған.
Мәди Манатбек 1978 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 2006 жылы Көкшетау университетін заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1998 жылы республикалық "Нартәуекел" газетінде тілшілік қызметтен бастаған. Сонымен қатар "Отырар", "Астана", "31 арна", "Хабар" телеарналарында жаңалықтар жүргізіп, тілші болып, бірнеше бағдарламаның авторы болған.
Ал 2010-2013 жыл аралығында "Қазақстан" РТРК" АҚ апталық ақпараттық-сараптамалық "Аptа.kz" бағдарламасының жүргізушісі, қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-2017 жылдары "BAQORDA media group" ЖШС бас директоры, 2017 жылдың ақпанынан 2018 жылдың қазан айына дейін "Қазақ радиолары" ЖШС бас директоры болған.