Мәди Ахметов: Жастардың жұмыс жоқ деуі - өтірік сылтау. Жұмыс бар

Oinet.kz 20-08-2019 3133

Алматы қаласы "Жас Отан" жастар қанатының басшысы Мәди Ахметов жұмыс істегісі келмейтін жастар туралы пікір білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Адырна" апталығына сілтеме жасап.

Мәди Ахметов.jpg

Сұхбат барысында Мәди Ахметов сабаққа да, жұмысқа да уақыт табатынын айтты.

– Мен ресми түрде еңбек жолымды 1-курста Қазақ Ұлттық университеті “журналистика” факультетінің жанынан құрылған “медиа – сфера” гуманитарлық зертеу орталығында тәлімгер-зерттеуші ретінде бастадым. Кейіннен “қазақ елі” студенттік экспедициясында кафедра меңгерушісімен бірге сауалнамалар жүргізіп, тарихи жерлерге очерктер жазып, оларды картаға түсірумен айналыстым. Жасаған еңбегіміз бойынша үш монография жарық көрді. Жастармен түрлі кездесулер ұйымдастырдық. Сабақ пен жұмысты осылайша бірге алып жүрдім, - деді Мәди Ахметов.

Сонымен қатар ол өзі секілді жастарға ақыл-кеңесін ұсынды.

–  Біріншіден, кез келген жұмыстан қашпай жұмыс жасаңыздар, жастар! Жұмыс жоқ деген өтірік сылтау. Жұмыс бар! Бірақ сол жұмысты істейтін лайықты кадр жоқ. Екінші тек қана әлеуметтік желімен өмір сүрмеу. Үшіншіден, адами қасиеттерді ұмытпау. Төртіншіден, маған беріңдер, жоқ деудің орнына өз бизнесіңді ашуға, жұмыс табуға, пәтер алуға ынталану, оқу, ерінбеу. Төртіншіден, өз құқықтарыңды сауатты пайдалану. Мемлекеттің беріп отырған мүмкіндіктерінен қапы қалмау. Бесіншіден, он екі мүшең сау болып, алпыс екі тамырың жұмыс жасап тұрған кезде қол қусырып, алпыстағы анаңа масыл болып, зейнетақыны күтпей, білекті сыбанып малдың артын тазаласаң да, адал еңбек етіп, ақша табу, - деді "Жас отан" жастар қанатының басшысы.

«Халықты қуғын-сүргінге салмауымыз қажет» - Сенат депутаты (видео)
Мәжіліс депутаты «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы» заң жобасына қатысты пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу