Мәжіліс депутаты «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы» заң жобасына қатысты пікір білдірді
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" туралы заң жобасына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
- Құрметті достар! Мәжілісте қарастырылып жатқан "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" заң жобасы қоғамда қызу талқылануда.
Мен Мәжіліс депутаты ретінде заң жобасын зерделеп шықтым. Қоғамда талқыланып жатқан пункттердің көпшілігі заң жобасынан алынып тасталған. Қоғамдық маңызын ескере отырып, осы заңды қабылдау жұмыс тобына ену жөнінде өтініш жасадым. Заң жобасының ұлтымыздың рухани кодына сәйкес болуы үшін еңбек ететін боламыз. Толығырақ түсініктемені кейін беремін. Заң қабылдау процессінің бүге-шігесін осы жерде жазып отырамын. Қоғамға ашық түсініктеме беріп отырамыз - деді Мәжіліс депутаты.