Құрғақ уәдеге құмар әкім
12-04-2023
Бүгін «NurOtan» партиясынан аудандық мәслихатқа кандидаттар Қызылқұм ауылдық округінде еңбек және тыл ардагерлерімен кездесу өткізді.
Бір кездері еңбектің көрігін қыздырған қазыналы қарттармен кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтты. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
– Қарты бар елдің қазынасы бар,-демекші, біз қарияларын сыйлап өскен халықпыз. Өз замандарында елдің экономикалық дамуы үшін аянбай еңбек еткен жандар ендігі күнде бақытты ғұмыр кешуі тиіс. Сонымен бірге қазақы құндылығымызды сақтаймыз десек, ол кісілердің іс-әрекетінен ғибрат алуымыз керек. Бұл әсіресе өскелең ұрпақ үшін тәлім болмақ. Алдағы уақыттары сол бағытта жұмыс істейміз,-дейді «NurOtan»-дықтар.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.