Ресейлік танымал таролог 2021 жылы Қазақстанда кім Президент болатынын болжады
Жуырда «Youtube» әлеуметтік желісінде Маргарита есімді ресейлік таролог Қазақстанға қатысты болжам жасады. Онда ол еліміздегі саясатқа, коронавирусқа, бизнеске қатысты сауалдарды тізбектеп, оған төмендегідей жауаптар айтты.
2021 жылы Қазақстанда билік басында өзгерістер бола ма?
– «Маг» картасы жаңа бастамаларды білдіреді. Сондықтан билікте қандай да бір орын ауыстырулар болуы мүмкін. Бұл карта – жаңа идеялардың, жаңа жоспарлардың белгісі. 2021 жылы мұның бәрі болады, бірақ оның артында сенімсіздік тұр, сондықтан елде бірнәрсені өзгертуге деген аса ұмтылыс болмайды.
Сиыр жылы Президент ауысуы мүмкін бе?
– Жоқ, ол орнында қалады. Карта тұрақтылықты көрсетіп тұр, ешқандай өзгерістер туралы айтып тұрған жоқ. Қазір қалай, солай болып қалады.
Алдағы жылы Қазақстанда саяси жағдай қандай болады? Митингілер, бас көтерулер орын ала ма?
– Анау айтқандай бас көтерулерді көріп тұрған жоқпын. Халық көшеге шығып талап айтатын ашық митингілер болмайды. Адамдар билікпен күресте жаңа тактикалар, стратегиялар құратын болады, ашық түрде емес, жасырын әрекет ететін болады. Бәлкім ғаламтор арқылы бір-бірін әрекетке шақыруы мүмкін. Жасырын әрі дұрыс құрылған стратегияның арқасында олар қандай да бір нәтижеге қол жеткізеді.
Қазақстанда коронавирус көрсеткіші қалай болмақ?
– Пандемияға өте үлкен қаржылар жұмсалып жатыр. Бұл жерде ауру қарқынын, келеңсіздіктерді, қақтығыстарды көрсететін карта түсіп тұр. Бірақ мұның бәрін жасыратын болады, шынайы жағдайды, не болып жатқанын, нақты цифрларды ашып айтпайтын болады.
Орта және шағын бизнестің жағдайы не болады?
– Мұнда мен күрделі мәселелерді көріп тұрғаным жоқ. Карта кәсіпте көлемді қаржылар болатыны туралы ештеңе айтпайды, бірақ кәсіпкерлер анау айтқандай тарығып та қалмайды. Мұнда сіздің кәсібіңіз болып, оны шығынға батпай, тұрақты жүргізіп отыру үшін біреумен бірігу керек. Жалғыз адамға қиындау болады, сондықтан қызығушылық танытқан жандарды іске тартып, бірігіп жұмыс істеуге тырысқан жөн. Адамдар қаржы жағынан жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ұжымдық тұрғыда әрекет етіп, өз саласын дамытуға күш салуы қажет. Өз саласының нағыз маманы бола алғандар қаржыдан қысылмайтын болады.
Қазақстанда халық өзгерісті қалайтыны белгілі. Болашақта адамдар өз құқығы үшін күресе ме?
– Мен адамдар өз құқығы үшін көшеге шығады деп айта алмаймын. Әркім өз қарақан басын ойлайтын болады. Ешқандай наразылықтар өтпейді, халық мемлекеттің қаржылай қолдауынан үмітті. Адамдар жақсы өмір үшін өз өмірімен тәуекел етуге дайын емес.
Алдағы жылы Қазақстанда пандемия тоқтай ма? Бетперде тағу тоқтап, шектеулер алына ма?
– Жоқ. Бәрібір қандай да бір тәртіп болады. Қандай да бір уақыт күтуге, шыдауға тура келеді.
…Тарологтың бұл айтқандары тек болжам ғана. Ал оның қаншалықты дәл келетіні алдағы уақыттың еншісінде.
Замана газеті