Бағдат Мусин eGov mobile-ға кірудің жаңартылған әрі жеңіл түрін көрсетті (видео)
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile қосымшасына кірудің жаңартылған және жеңілдетілген жолын көрсетті деп хабарлайды Oinet.kz.
- Бүгін, мен уәде еткен eGov mobile-ға кірудің жаңартылған және жеңілдетілген нұсқасын көрсетемін. Бұрын Egov порталына тіркелу ыңғайсыз әрі қиын процестерден өту арқылы тура бақсылық етумен іспеттес екенін айтқан едім. Қазір, қуанышқа орай биометрия арқылы қолжетімді, – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Осылайша, министр өз мысалында тіркелудің қаншалықты оңай екенін көрсетуді ұйғарған.
- Осы іске атсалысқан әріптестеріме және кері байланыс білдірген барлық белсенді азаматтарға алғыс айтқым келеді, – деді министр.