Марқұм иесінің қабірін күзеткен ит көпшіліктің көңілін елжіретті
Алматы облысында ит қайтыс болғаннан кейін де иесіне адал болып қалған. Жануар зиратта иесінің қабірін күзетеді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған видеодан ит қабір жанында отырғанын көруге болады. Көктаста 60 жастағы ер адам осы жылдың қазан айында қайтыс болғаны жазылған.
Видеоның авторы ит қожайынының қабірін күзететінін айтады.
Зират Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының жанында орналасқан.
- Міне, мына ит, жақсы. Ол өз иесін жерледі, осында отырады, күзетеді. Мұнда ешкімді жібермейді, қарғалар мен түрлі құстарды иесінің қабірінен қуады. Жақсы ит. Бұл нағыз дос. Адал, жақсы ит, - дейді видео авторы.
Бейнені кім және қашан түсіргені әлі белгісіз. Зиратта қар жатқанын ескерсек, оның видеоның жақында түсірілгенін түсінуге болады.