Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Сайрам ауданында болды

Oinet.kz 21-12-2020 822

Screenshot_2.jpg

Республикалық қоғамдық штаб мүшесі, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы Сайрам ауданының жастарымен кездесті. Кездесу барысында жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуін қамтамасыз ету мақсатында партияның сайлауалды бағдарламасында нақты жүзеге асуы көзделіп отырған бағыттарға тоқталып өтті.

Screenshot_1.jpg

Атап айтқанда:

- сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке көбейту;

- 2025 жылға қарай жастардың барлығы колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуды қаматамасыз ету;

- 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақылары 2 есе, магистранттар мен докторанттардікі 1,5 есе көтеру;

- жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлу;

- жылына шамамен 5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосу;

- жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға жыл сайын 10 мың грант беру;

- 30 мыңнан аса жас «Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде өз бизнесін ашу дағдыларын үйрету;

- «Жасыл Ел» жобасының шеңберінде 30 мың жас, оның ішінде 10 мың ауыл жастары жыл сайын жазғы мезгілге жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында жастарды қолдау шараларына кеңінен тоқталып өтті.

Кездесудің екінші бөлігі аудан жастары Мұхтар Тілдәбекұлынан комитет жұмысына қатысты, Беларусь мемлекеті мен Қырғыз еліндегі ахуал, Ресейлік депутаттардың мәлімдемесі жайлы пікір алмасты.

Сайрам ауданы: Жастармен келелі кездесу өтті
Тоқаев тағы бір заңға қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу