Сайрам ауданы: Жастармен келелі кездесу өтті
Парламент мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлы мен Парламент мәжілісі депутаттығынан үміткері, «Қайып Ата» ЖШС-нің директоры Ертаев Сырым Махамбетұлы «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен кездесті.
Кездесуді «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағысының бірінші орынбасары Әбдіқадыров Алмас Әбдірахманұлы ашып, жүргізіп. аудандық филиалдың сайлау алды бағдарламасымен таныстырып өтті..
Келелі кездесу барысында Д.Мыңбай:
- Ата-бабамыз ел ертеңін қашанда жастармен байланыстырып отырған. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Сондықтан мемлекетіміз жастарға зор мүмкіндік беріп отыр. Сол мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Алдағы уақытта да жастар мәселесі партиямыздың назарынан тыс қалмақ емес, - деді.
Парламент мәжілісі депутаттығынан үміткері С.Ертаев Сайрам ауданы ауылшаруашылығы үшін өте ыңғайлы. Жастарға қолайлы. Олардың жеке кәсібін ашуға, ауыл шаруашылығымен айналысуға мүмкіндіктер зор екенін жеткізді.
Кездесу соңында «Jas Otan» ЖҚ-ның белсенді мүшесі Амалхан Төлебек бүгінгі атаулы күн Тәуелсіздік күніне орай өз өлеңін жатқа оқып берді. Сондай-ақ, жастар көкейде жүрген сауалдарын жолдады.
«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының баспасөз қызметі