Канвассинг аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізді
Канвассинг - бұл партия жақтастарын жекелеп тарту. "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ҚР Парламент Мәжіліс депутаттығына үміткер Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, А.Омаров, Н.Клушев, Ханай Əшірбеков Біркөлік елді мекенінде тұратын 1-топ мүгедегі Керимбаев Есимхан Муталиұлының үйіне барып, сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар партияның мүшелерінің мақсаттары мен міндеттері туралы түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізді. Алатау ауылдық округінде канвассинг аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізді.
Алатау елді мекені тұрғыны ауданда медицина саласында ұзақ жылдар жұмыс жасап, осы салада басшылық қызмет атқарған, қоғам қайраткері, 1-топтағы мүгедек Тəңірберген Əлсеитовтің үйіне Ханай Əшірбеков және Феруза Калтаева барды. Одан бөлек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Қойбағаров пен Н.Клушев Ундебаев Амантай ағамыздың үйіне жол тартты. Округтегі мүмкіндігі шектеулі жандардың хал ахуалымен қағаз жүзінде танысып отырғанда ағамыздың бірінші топтағы мүгедек, ал жеңгеміз Ундебаева Ұлжалғастың екінші топтағы мүгедектігімен қатар ағамызға қарайтын көмекші ретінде қызмет жасайтынынан да хабардар болдық.
Пандемияға қарсы сақтық шаралары талапқа сай сақтала отырып өткен кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы медициналық қызмет алу жолдары айтылды. Атап айтқанда, кедергісіз кіріп-шығу, дәрі-дәрмектер және арнайы арбалармен қамтасыз етілу, емдеу-сауықтыру орталықтарына орын беру, сондай-ақ, медициналық көмектің сапасын көтеру оң жолға қойылғаны қатысушылар назарына ұсынылды.