«Есіктен есікке» акция аясында тұрғындармен кездесу өтті
Nur Otan партиясы өзінің сайлауалды науқанындағы басымдықтардың бірі ретінде сайлаушылармен акция шеңберінде тікелей диалог нысанында қарым-қатынасты нығайта түсу. ⠀
Акцияда тек аудан тұрғындарымен кездесіп қана қоймай, партия бағдарламасы жазылған брошюралар таратылды.
Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ондағы негізгі басымдықтарды ерекше атап өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жалғастыратын, биліктің партиясы ретінде көшбасшылар арасындағы сабақтастықты орнататынын тілге тиек етіп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ.Елшібай, А.Амиралиев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Қансейтов "ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы аясында Кемеқалған ауылдық округін аралап қана қоймай, жергілікті тұрғындармен жүзбе жүз дидарласып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.