Димаш Құдайберген Қытайға оралды (фото)
29-09-2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаеваны мемлекеттік наградамен марапаттады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Құрмет» орденімен бағаланды.
Олардың қатарында қазақстандық атақты әнші Димаш Құдайбергеннің анасы - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әншісі Светлана Айтбаева бар.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Әділбаев, жазушылар С.Дәуітов және А.Кемелбаева, «Дизайнерлердің еуразиялық одағы» акционерлік қоғамының төрағасы Е.Асылханов, Маңғыстау облысы Жаңаөзен политехникалық колледжінің директоры Т.Болатбаева, Түркістан облысы Арыс қаласы В.Комаров атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Т.Бородина, Алматы қаласы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының әртісі М.Жүнісова, «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі бас директорының кеңесшісі К.Әбуова, Солтүстік Қазақстан облысы «Раисовское» ЖШС директоры В.Коваленко, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Д.Қуатов, Ақтау қаласы «Ақ Бидай-Терминал» АҚ басқарма төрағасы С.Көбейсінов, қоғам қайраткері Қ.Жолдыбайұлы, ақын С.Дүйсенғазы, М.Әуезов атындағы Мемлекеттік қазақ академиялық драма театрының әртісі Ш.Меңдиярова, Павлодар қаласындағы №3 қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі В.Павлов, «Атырауинжстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Директорлар кеңесінің төрағасы В.Пак, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі А.Омарова, айтыскер ақын А.Тұрсынбаева, актер Ә.Райынбеков, «Ақтөбе облысы Чернобыль мүгедектері» АҚ төрағасы Б.Сатов, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солисі С.Таудаева, еңбек ардагері К.Әлпейісова, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Т.Қайыркен, ғалым О.Сәбден және басқа да тұлғалар осы орденмен марапатталды.