​Шындық шырылдап жетем дегенше, өтірік талай жерді өртейді

Oinet.kz 11-12-2020 920

Бүгін «Парасат» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті.

Сайрам ауданы.png

Жиынды «Қазақ тілі» қоғамының Сайрам аудандық филиалының төрағасы Мұрат Есалиев жүргізіп, қатысушылар аудандағы көкейкесті мәселелерді талқыға салды.

Атап айтсақ, клуб мүшелері сапалы ауыз су, табиғи газ, тазалық және электр энергиясымен қамту жөніндегі мәселелерді қолға алу жөнінде ойларын ашып айтты.

Ашық алаңдағы пікірталасқа аудан әкімі Ұласбек Садибеков қатысып, зиялы қауым мен қоғам белсенділері тарапынан айтылған пікір мен ұсыныстардың маңызы зор екенін атап өтті.

– Аудандағы күйіп тұрған мәселені анықтап, қоғам болып зерделеп, оның жүзеге асуын жүйелеп отырудың біз үшін маңызы зор. Бүгінгі пікірталаста айтылған түрлі ұсыныстар ауыл-ауылдағы мәселелерді шешуге көмек болады деп сенемін, – деді аудан әкімі.

Тағы бір орыс депутаты Қазақ жері туралы сұмдық мәлімдеме жасады (видео)
«Есіктен есікке» акция аясында тұрғындармен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу