Қазақстанда облыс әкімдері қандай көлікпен жүреді

Oinet.kz 19-11-2020 1203

Қазақстан облыстарының әкімдері қандай қызметтік көлікпен жүреді? Жауап алу үшін Tengrinews.kz тілшісі ведомстволарға ресми сауал жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов (бұл қызметте 2019 жылдың 13 маусымынан бастап) 2018 жылы шыққан қара түсті Toyota Camry 70 маркалы қызметтік автокөлігімен жүріп-тұрады. 

image.png

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев (бұл қызметте 2019 жылдың маусымынан бастап) 2014 жылы шығарылған қара түсті Toyota Land Cruiser 200 қызметтік автокөлігімен жүреді.

image.png

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке (бұл қызметте 2015 жылғы 11 қыркүйектен бастап) 2014 жылы шығарылған қара түсті Lexus 570 маркалы көлік бекітіліпті.

image.png

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев (бұл қызметте 2019 жылдың наурыз айынан бастап) 2017 жылы шығарылған қара түсті Toyota Land Cruiser-мен жүреді.

image.png

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов (бұл қызметте 2014 жылдың 20 тамызынан бастап) Mercedes Benz S 500-бен жүреді, түсі - қара металлик, 2010 жылы шыққан.

image.png

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов (бұл қызметте 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап) Mersedes-Benz S 350 L көлігімен жүреді, түсі қара, 2010 жылы шыққан.

image.png

Аким Жамбылской области Бердибек Сапарбаев (на этой должности с 10 февраля 2020 года) ездит на белом Toyota Land Cruiser 2011 года выпуска. 

image.png

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов (бұл қызметте 2014 жылғы 11 қарашадан бастап) 2010 жылы шыққан Lexus GX 460 көлігімен жүреді.

image.png

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова (бұл қызметте 2020 жылдың наурыз айынан бастап) екі қызметтік көлікпен жүреді екен. Біріншісі - 2007 жылы шығарылған қара түсті Mercedes-Benz 320 Si.

image.png

image.png

Ал шалғайдағы елді мекендерге іссапарлар кезінде, әкімдік мәліметінше, автомобиль жолдарының жағдайын ескере отырып, Гүлшара Әбдіхалықова 2011 жылы шығарылған қара түсті Lexus LХ 570 қызметтік автокөлігін пайдаланады.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов (бұл қызметте 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап) 2014 жылы шыққан Lexus LX 540 қара көлігін мінеді.

image.png

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (бұл қызметте 2019 жылдың 26 ақпанынан бастап) 2007 жылы шыққан Mercedes-Benz S 500 қызметтік автокөлігімен жүреді, түсі - қара.

image.png

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов (бұл қызметте 2017 жылдың 14 наурызынан бастап) 2016 жылы шыққан қара Mercedes-Benz мінеді.

image.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев (бұл қызметте 2019 жылдың 26 ақпанынан бастап) 2018 жылғы Audi А8 L қызметтік автокөлігімен жүреді. Түсі-қара металл.

image.png

Полиция Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты ақпарат жариялады
Әкім бюджеттен қаржы алмай ауылды көркейту жолын айтты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу