Әкім бюджеттен қаржы алмай ауылды көркейту жолын айтты (фото)

Oinet.kz 19-11-2020 1291

Ақтөбеде бірнеше жыл бойына қылмыс тіркелмеген, үйленген жастары ажыраспайтын бақ қонған ауыл бар. Келіндері сәлем ету үшін ауыл үлкендерін бір шақырым жерден күтіп, алдынан кесіп өтпейді. Тұрғындарының дені бір атаның ұрпақтары саналатын ауылда жұмыссыз жүрген адам жоқ. Талдысайлықтар үйінің де, көліктің де есігіне құлып салмайды. Ауылда ұрлық жоқ. Талдысай аталатын ауыл Ақтөбе облысынан 160 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- Біз Шүрен атаның ұрпақтары тұратын ауылмыз. Бәрі де бір атаның балалары. Көшіп келген адам жоқ. Тек келіндер ғана сырттан келеді - дейді алдымыздан шыққан ауыл ақсақалы.

Костюм кимейтін әкім

34 жастағы Қазбек Аққайыр 2018 жылдан бері 1000-ға жуық тұрғыны бар Талдысай ауылының әкімі. Шенеунік байдың баласы емес. Әкесі өмір бойына малшы, шешесі мектептің отын жаққан қарапайым отбасында тәрбиеленген. Талдысайлықтар елдегі бақ-берекені ауыл әкімімен байланыстырады. Ауылдың қай тұрғынын әңгімеге тартсаңыз да, әкімнің еңбекқорлығын, істеген жұмысын тізбектей жөнеледі.

- Ауыл азып, халық көше бастаған кезде осы бала әкім болды. Шаруашылықтарды жұмылдырып, әр жерде үйінді болып жатқан қоқысты тазартты. Оны костюммен тек жиналыста ғана көреміз. Үнемі қолғабын киіп, күрегін сүйреп, қай шаруаның да басында жүреді,- дейді ауыл тұрғыны Ғалия Қуанғалиқызы.

Бата алып өскен ұл мен қыз

Ауыл ақсақалдары бірнеше жыл бойына қылмыстың тіркелмеуін салт-дәстүрді берік ұстанатындарымен байланыстырады.

- Түсінген адамға салтымыздың өзі тұнып тұрған тәртіп, қолға су құюдың өзі тәрбие. Бата алып өскен баланың санасы таза болады. Бізде біреудің "баласының шаңырағы шайқалыпты" деген әңгіме жоқ. Жиналған жерде ақылымызды айтып отырамыз. Келіндеріміз көшеде көрсе, бір шақырым жерде күтіп тұрып, алдымыздан кесіп өтпейді. Қыз бала болсын, келін болсын, үлкеннің алдынан көлденең жүрген емес. Мектепті алтын белгімен бітірген балаларымыз да аз емес. Ауыл балаларының көбі білдей жоғары оқу орындарында грантпен оқиды, - дейді ауыл ақсақалы Сәдуақас Жұмағалиев.

Қазақстанда облыс әкімдері қандай көлікпен жүреді
Парламент жаңа заң қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу