Өзге ұлт өкілдері Елбасыға төлқұжатқа «қазақ» деп жазуды ұсынды

Oinet.kz 17-11-2020 3338

Өзге елдің төлқұжатына қазақ деп жазатын уақыт келді. Тараздық педагогтің Қазақстан халқы ассамблеясында айтқан сөзі қазір қызу талқыда. Біреулер мұны қолдаса, енді бірі әр азаматта таңдау құқығы болу керек дегенді айтты. 

image.png

Бұл туралы "Сөздің шыны керек" бағдарламасында айтылды. 

Ассамблея төрағасының орынбасары қызметіне кіріскен Майя Бекбаева төлқұжатқа "қазақстандық" деп жазу керек деген ұсынысын айтты. 

"Құрметті президент, елбасы. Қазіргі уақытта бойында 7-8 этностың қаны бар мен сияқты жүз мыңдаған адам бар. Мүмкін осындай азаматтардың төлқұжатына "қазақ" деп жазатын уақыт келген шығар"

Тараздық мұғалімдің бұл сөзі қызу талқыға түсті. 

- Өзге ұлт өкілдері Қазақстанда тұратындықтан өзін қазақпын деп сезінеді. Неліктен оларға қазақ деп немесе қазақстандық деп жазуға мүмкіндік бермеске? Мәселен Америкада қанша ұлт өкілі тұрады. Төлқұжатында америкалық деп жазылған. Бұл ұсынысыма қалай қарайсыздар?, - деді Майя Бекбаева. 

Журналист Қалыбек Атжан қазақстандық сөзіне мүлде қарсы. Ал қазақ деп жазуға келіседі.

- Қазақстандық деп төлқұжатқа жазу бүтін бір ұлт тамырына балта шабу. Неге қазақ деп жазбасқа? Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Сол өңірді тұратын өзге ұлттар жергілікті ұлтты қабылдап кетеді, - деді ол. 

Бұл ұсыныс қарастырыла ма, жоқ па белгісіз. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан халқын "қазақстандық" ұлт жасау жайы сөз болған. Ол кезде зиялы қауым өкілдері, журналистер мен ғалымдар қарсы шығып, билік бұл ойынан айныған еді. 

Денсаулық сақтау министрі маңызды мәлімдеме жасады
Ерғали Білісбеков осымен 2-ші мәрте Шымкентке «замәкім» болып келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу