«Қазақстаннан біреу кететінін естігенде уайымдаймын» - Назарбаев

Oinet.kz 11-11-2020 1028

Бүгінгі Қазақстан халқы Ассемблеясының отырысында Елбасы елден кететін азаматтар үшін уайымдайтынын айтты. Тұңғыш президент "олар кеткен жаққа қарағанда жақсы жағдай жасасақ, кетудің қажеті не" деген сұрақ қойды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- Қазақстаннан біреу кететінін естісем уайымдаймын. Егер біз олар кететін жақтан да жақсы жағдай ұсынсақ, кетудің қажеті не? Жергілікті әкімдіктер өте мұқият болуы керек. Олар (азаматтар - ред.) неге көршілес жоғары оқу орындарына кетіп жатыр? Бізде жақсырақ болғанын қамтамасыз ету керек. Ең бастысы - білім", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сондай-ақ Елбасы жұмыссыздық пен жұмыс орындарының жетіспеушілігі барлық әлемде бар екенін атап өтті. 

- Дұрыс қолдана білсек, Қазақстанның көпұлттылығы - біздің байлығымыз. Біздің жақсы өміріміз, ұйқымыздың тыныштығы кепілдендірілмегенін де ұмытпауымыз керек, - дейді ол.

Елбасы жастар арасында ксенофобиямен күресуге шақырды
Қазығұрт ауданында партия конференциясы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу