Елбасының «аты» өшті
17-02-2023
Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар арасындағы ксенофобияға қарсы идеологиялық күрес жүргізу керегін айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Жақында біз Парламент Мәжілісінің жаңа құрамын сайлауды жоспарлап отырмыз. Парламентке ең лайық адамдар келуі керек. Дәл осы мақсатта Nur Otan партиясы праймериз өткізді. Алайда, этникалық мәселені жеке мүддесі үшін пайдаланғысы келетін адамдар бар екенін ұмытпаған жөн. Қоғамдық мүдделерге қарсы, цифрлық технологияларды теріс мақсатта қолданатын күштер бар екені де ақиқат. Ассамблея этносаралық қатынастар мәселелерін саясатқа айналдыруға жол бермеуі қажет. Жастар арасында ксенофобияға қарсы идеологиялық күрес жүргізу керек, - деді Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында.