Назарбаев Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Oinet.kz 08-11-2020 723

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың президенті болып сайланған Джозеф Байденді құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Елбасы сайтына сілтеме жасап.

image.png

Елбасы Джо Байденмен 2010 жылғы Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Вашингтонда өткен кездесуін, сондай-ақ телефон арқылы сөйлескендерін жылы еске алғанын атап өтті.

Ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық ынтымақтастық екі мемлекеттің халқы үшін нығая түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жеделхатында  Джо Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Қостанай облысында полицей қаза болды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу