Қостанай облысында полицей қаза болды
Қарасу ауданында 33 жастағы полицей көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 6 қарашада Қарасу ауылында болды.
- 33 жастағы LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Исаева Светлана ауруханада көз жұмды, - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушінің жұмысынан үйіне келе жатқаны анықталды. Сондай-ақ осы дерек бойынша қызметтік тергеу басталды. Полиция басшылығы мен жеке құрамы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. 33 жастағы Светлана Исаева полицияда 6 жыл қызмет етті.