Лукашенко Еуропаға кеткен белорустарға қайта оралуға тыйым салды

Oinet.kz 06-11-2020 656

Александр Лукашенко пандемия кезінде елден кетіп қалған Беларусь азаматтарының елге оралуына тыйым салды. Алайда бұл шектеудің Ресейге кеткен азаматтарға қатысы жоқ, себебі, саясаткердің сөзінше, Беларусьтің "шекарасы жоқ", деп хабарлайды DW.

image.png

Бұл туралы Лукашенко 5 қарашада өткен вирус инфекциясына қарсы шаралар туралы жиында айтты. 

Александр Лукашенконың айтуынша, ол шекара әскерінің қолбасшысына тек шетелдік емес, сондай-ақ "ел үшін қиын кезде" кетіп қалған Беларусь азаматтарының елге кірмеуіне бұйрық берген. 

Сонымен қатар, Лукашенко бұл бұйрық Беларуське Батыстан келетіндерге ғана қатысты екенін, себебі елдің Ресеймен "шекара жоғын" айтқан. 

Александр Лукашенконың сөзінше, кей белорустар елге емделу арзан болғандықтан келеді. 

- Ол жаққа оқуға кетті ме - оқысын, жұмыс істесін. Біз оған қарсы болмадық қой. Сондықтан сол жерде жұмыс істеп, емделсін, - деді ол. 

СҚО тұрғындарына түнде үйлерінен шықпауға кеңес берілді
Қазақстандық ауылдардың бірі ең қауіпсіз аталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу